Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Мақтаарал полицейлері мас халде көлік басқарған жүргізушіні анықтады

Мақтаарал полицейлері мас халде көлік басқарған жүргізушіні анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Мақтаарал АПБ-ның полиция қызметкерлері жол қозғалысы ережелерінің сақталуын бақылау мақсатында күнделікті рейдтік-профилактикалық іс-шараларды жүргізуде. Мәселен, Мақтаарал АПБ полицейлері қызметтік міндетін атқару барысында мас халде көлік басқарған жүргізушіні анықтады.

Толығырақ тоқтала кетсек, полицейлер Мақтаарал ауданы Атакент кентінің көшелерінің бірінде қауіпсіздік белдігін тақпай жүріп бара жатқан Volkswagen Golf маркалы автокөлігіні тоқтатады. Тексеру кезінде полицей жүргізушінің мас халде болуы мүмкін екеніне күдіктенеді. Тәртіп сақшысы осы жайтты нақтылау үшін медициналық сараптамаға жүгінеді. Куәландыру қорытындысына сәйкес кінәлі жүргізушінің масаң күйде екені анықталды.

Тәртіп сақшылары ішімдік ішіп, алкогольді масаң күйде көлік басқарған азаматқа қатысты жайтты ҚР ӘҚБТК-нің 593-бабы (Жол жүрiсi қағидаларында көзделген жолаушыларды және жүктердi тасымалдау, қауiпсiздiк белдіктерiн немесе мотошлемдердi пайдалану жөніндегі талаптарды сақтамау) бойынша әкімшілік хаттама толтырып, 608-бабымен (Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқаруына беру) заңды шешім қабылдау үшін жинақталған іс-құжаттарды Мақтаарал аудандық сотына жолдады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру