Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодарда ломбард қызметкерлері кассадан 6,5 млн теңге заңсыз иемденіп кетті

Павлодарда ломбард қызметкерлері кассадан 6,5 миллион теңге заңсыз иемденіп кетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Тексеру жүргізу кезінде Алматы бас офисінің қызметкерлері Павлодар қаласында орналасқан ломбард кассасында 6,5 миллион теңгеден астам қомақты сома жетпейтінін анықтады.

– Полиция аға тауартанушы-бағалаушы және тауартанушы-бағалаушы тұрақты клиенттердің салынған алтын бұйымдарына салмақты көтергенін, соның салдарынан ақша қаражатының жетіспеуі орын алғанын анықтады. Ақшаны қызметкерлер өз қажеттіліктеріне жұмсаған. Аталған факті бойынша ҚР ҚК 189-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде, – деді Павлодар облысы Полиция департаменті бастығының орынбасары Рашад Өтеуов.

Полицияда, талдау көрсеткендей, көп жағдайда қылмыстық құқық бұзушылықтың бұл түрін кассирлер, бухгалтерлер, қойма меңгерушілері, дүкен сатушылары, экспедиторлар, сарапшы бағалаушылар жасайды деп атап өтті. Басшылық ұзақ уақыт бойы аудит жүргізбейді, өйткені олар қызмет түріне қарай құндылықтарды беретін немесе алатын жұмысшылардың әдептілігіне үміттенеді. Мұндай сенім кейіннен қайғылы нәтижелерге әкеледі. Жыл басынан бері полицияда бөтен мүлікті талан-таражға салудың 52 фактісі тіркелді.

Тұрғындардың назарына: сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемденгені немесе ысырап еткені үшін Қазақстан Республикасы ҚК 189-бабы бойынша қылмыстық жауапкершілік көзделген.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру