Түркістан полицейлері қылқан жапырақты ағаштарды заңсыз сатудың алдын алу іс-шараларын өткізуде
Түркістан полицейлері қылқан жапырақты ағаштарды заңсыз сатудың алдын алу іс-шараларын өткізуде, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Полицейлер табиғатты қорғау мақсатында Жаңа жыл қарсаңы кезеңінде қылқан жапырақты ағаш өскіндерін заңсыз шабу, дайындау, тасымалдау және сатудың жолын кесу мен алдын алу мақсатында жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізді.
Шара барысында Мақтаарал мен Қазығұрт ауданы полиция бөлімдерінің қызметкерлері азық-түлік дүкендерін тексерді. Сонымен қатар дүкен иелері мен сатушыларына қылқан жапырақты ағаштарды заңсыз сату бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Осы тұста Түркістан облысының полицейлері Жаңа жыл мейрамын мерекелеу қарсаңында азаматтық пиротехникалық бұйымдарды заңсыз сату, сақтау, тасымалдау жайттарын анықтау және әкімшілік жауапкершілікке тарту бойынша жұмыстар жүргізілетіндігін еске салады.
– ҚР ӘҚБтК-нің 204-бабында (Белгiленбеген орындарда сауда жасау, яғни жергiлiктi атқарушы орган белгiлегеннен тыс орындарда сауда жасау – ескерту жасауға немесе бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғатынын) ескертеміз, – деді полицияда.