Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкентте көлік тізгіндеген 17 жастағы жасөспірім анықталды

Шымкентте көлік тізгіндеген 17 жастағы жасөспірім анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Шымкент қаласы Полиция департаменті ЖПҚБ Патрульдік полиция полкінің қызметкерлері жүргізушілердің қатысуымен болған жол-көлік оқиғаларының санын төмендету мақсатында күнделікті жұмыс атқаруда.

Полиция қызметкерлері күмән тудырған KIA автокөлігін тоқтатты. Тексеру барысында 17 жастағы жасөспірім көлік басқару құқығынсыз жүргені белгілі болды. Жүргізушіге бұл әрекеттің заңсыз екендігі түсіндірілді.

Нәтижесінде, жасөспірімнің ата-анасына жол жүру ережесін бұзғаны үшін 612-бабының 2-бөлігімен (Құжаттары жоқ және басқару құқығы жоқ адамның көлiк құралын басқаруы) әкімшілік хаттама толтырылды. Ал автокөлік айыптұраққа қойылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру