Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан полицейлері такси жүргізушісінен 10 келіден астам есірткі тәркіледі

“Қарасора – 2022” жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында Түркістан облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының жедел уәкілдері патрульдік полиция қызметкерлерімен бірге есірткі заттарын тасымалдауы мүмкін деген күдікті жүргізушіні ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Тәртіп сақшылары жедел-іздестіру шаралары барысында Түлкібас ауданы аумағындағы “Батыс Қытай – Батыс Еуропа” тас жолында Audi C4 автокөлігін тоқтатты. Тінту кезінде автокөлік салонынан ішінде есірткіге ұқсас заты бар бір қап пен бір полиэтилен пакет табылып, тәркіленді. Сараптамаға сәйкес тәркіленген есірткі жалпы салмағы 10 келіден асатын “кептірілген марихуана” болып шықты. Күдіктінің бұрын сотты болғаны, жеке тасымалмен айналысатыны, Жамбыл облысының тұрғыны екені белгілі болды.

Қазіргі уақытта аталған жайт ҚР ҚК-нің 296-бабының 4-бөлігі “Есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу” бойынша тіркеліп, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдікті қамауға алынды. Тергеу оқиғаның толық мән-жайын анықтайтын болады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру