Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Таразда сотталған бейнебайланыс арқылы Қарақалпақстандағы туыстарымен сөйлесті

Таразда сотталған бейнебайланыс арқылы Қарақалпақстандағы туыстарымен сөйлесті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне бағынысты ЖД-158/5 мекемесіндегі жазасын өтеуші сотталған Skype бейнебайланыс жүйесі арқылы Қарақалпақстандағы жақындарымен тілдесті. Әңгімелесу барысында туыс-туғандарының амандығын, ұл-қыздарының болашаққа жоспарын білді.

ҚР ҚК-нің 188-бабы 2-бөлігі және 190-баптың 2-бөлігімен кінәлі деп танылған азамат сот үкімімен 3 жылға бас бостандығынан айырылған. Ойланбай от басқан азаматтың бостандыққа шыққан соң отбасын асырауға мүмкіншілігі бар. Себебі мекеменің сотталғандар еңбегін ұйымдастыру тобының ұйытқы болуымен ол мұнда “екі қолға бір күрек” таба алды. Ал сотталғандар арасында тәрбие және әлеуметтік-психологиялық жұмыстарын жүргізу бөлімінің ықпалымен мәдени-спорттық іс-шараларға белсенді атсалысады. Бейнебайланыс барысында ҚАЖ қызметкерлерінің қоғамға бейімдеу жолындағы қажырлы еңбегін бағалаған туыстары өз алғыстарын жеткізді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру