Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Семейлік полицейлер Абай күнін атап өтті

Семейлік полицейлер Абай күнін атап өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Абай күні — Қазақстан Республикасының мерекелік күнтізбесіне енген күн. Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысымен 10 тамыз Абай күні болып белгіленгені баршамызға мәлім. Осы кезден бастап ел көлемінде қазақтың ұлы ойшылы, хәкім Абай күні аталып өтіледі. Атаулы датаға орай ақынның туған жерінде – жаңадан құрылған Абай облыстық Полиция департаментінде де Абай дананы дәріптейтін іс-шаралар өткізілді.

Мәселен, Полиция департаментіне жаңадан қабылданған қызметкерлерге арнап Семейдегі Абайдың мемлекеттік тарихи-мəдени жəне əдеби-мемориалдық музейіне экскурсия ұйымдастырылды. Экскурсия барысында жас полицейлер Абай музейіндегі экспонаттар жайындағы түрлі бейнебаяндарды тамашалап, Абайдың – дала философы. Абай шығармашылығы әлемдік туындылар қатарында орын алған халқымыздың баға жетпес мұрасы мен рухани азығы. Абай – қазақтың ұлы Абайы, екендігі туралы толық мағұлмат ала білді.

Сонымен қатар, Рухани даму және біздің ата-бабамыздың әлемдік мәдениетке қосқан зор үлесін танып-білу мақсатында Абай облысы Семей қалалық ПБ Затон ПБ тергеу бөлімшесінің басшылығымен қалалық Абай Құнанбаев атындағы кітапханаға экскурсия ұйымдастырылды, мәдениет ордасына келген тәртіп сақшылары ұлы қазақ ақынының шығармашылығымен және өмір тарихымен танысты. Сондай-ақ, тергеу басқармасының тергеушілері хакім Абайдың философиялық, күрескерлік қасиетке бай өздеріне ұнаған өлеңдерін жатқа оқыды. Қазақтың ұлы ақыны, ұлттық жазба әдебиетінің және әдеби тілінің негізін салушы, ағартушы Абай (Ибраһим) Құнанбайұлы ғұлама ғалым, ойшыл ақын, ағартушы ұстаз ретінде ұлтымыздың тұғыры биік мақтанышы болып қала бермек.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру