Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Абай облысында полицейлерге бағынбаған 2 жүргізуші жауапкершілікке тартылды

Абай облысында полицейлерге бағынбаған 2 жүргізуші жауапкершілікке тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

3 қаңтардан бастап Абай облысында ауа райының күрт нашарлауына байланысты республикалық және жергілікті маңызы бар барлық трассалар жабылды. Тәртіп сақшыларының тарапынан екі жүргізушіге бірнеше рет жасалған ескертуге қарамастан, олар құқық қорғау органы қызметкерінің заңды талабына бағынбай, көлік қозғалысын тоқтатудан бас тартып, өз өміріне ғана емес, жолаушылардың өміріне де қауіп төндірді.

Екі жүргізуші ҚР ӘҚБтК-нің 667-бабы (Құқық қорғау органы қызметкерінің заңды бұйрығына немесе талабына бағынбау) бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Аталған баптың санкциясымен отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл түріндегі жаза немесе он бес тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алу көзделеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру