Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматының бас полицейі ПИК және ОСИ төрағаларымен кездесті

Алматы полициясының басшысы Бостандық ауданы бойынша ПИК және ОСИ төрағаларымен кездесті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Сындарлы әңгіме барысында полиция мен қоғам белсенділері шаһардың халық тығыз орналасқан көпқабатты аудандарының бірінде қауіпсіздікке қатысты өзекті мәселелерді талқылады.

– Полицияның қоғаммен жұмысы – полиция мен қоғам арасында серіктестік орнатуға бағытталған маңызды стратегиялық қосымша. Учаскелік инспектор өз аймағына жауапты, ол азаматтардың дабылына үнемі жауап береді, заң нормаларын түсіндіреді – бұл полицияның қызмет көрсету үлгісінің қағидаттары, – деді Арыстанғани Заппаров.

Сонымен қатар ПД басшысы жастар арасындағы есірткінің таралу мәселесін ерекше атап өтті.

– Бүгінгі қоғамда өзекті мәселелердің бірі – есірткі сату мақсатында жасалған граффити. Бүгінгі күннің сұмдығы – синтетика. Бұрын сатушы мен тұтынушы байланыста болса, бүгінде оларға дамыған интернет, түрлі мессенджерлер көмектесуде. ІІМ жүйесінде тәжірибелі қызметкерлердің арасынан ІТ-технологиялармен жұмыс істеуге дайындалған арнайы топтар құрылды. Полиция қол қусырып отырған жоқ. Екі жыл бұрын ғана заң қабылданған. Тыйым салу кестесіне 80-нен астам сутегі атомдары енгізілген. Ал бұл дегеніміз – есірткі сатушылар синтетиканың формуласын қаншалықты өзгертуге тырысса да, кестедегі кішкентай элементтің болуы оларды қылмыстық жауапкершілікке тартуға мүмкіндік береді. Синтетиканың кез келген жаңа түріне тыйым салынады. Егер граффити жарнамасын тапсаңыз және нашақорлар жиналып тұрған орындарды көрсеңіз, дереу полицияға хабарласуды ұсынамын, – деді Алматы қаласының бас полицейі.

ПИК және ОСИ өкілдерімен кездесуде бейнебақылау жүйелерін кеңейту және өңірдегі заңдылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуге қоғам белсенділерін тарту мәселелері де қаралды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру