Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан полицейлері жасөспірім баланы тонамақ болған күдіктіні ұстады

Түркістан полицейлері жасөспірім баланы  тонамақ болған күдіктіні ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Түлкібас АПБ-ға жергілікті тұрғын әйел  арызданып келген. Ол арызында баласының  велосипеді мен ұялы телефонын белгісіз біреулер жымқырып кеткенін көрсеткен. Бұл жайтты полиция қызметкерлері ҚР ҚК-нің 191-бабы (Тонау) бойынша СДТТБТ-ға тіркеп, шұғыл іздестіру жұмыстарын бастап кетті.Күдіктіні ұстау мақсатында тәртіп сақшылары жақын маңдағы аумақтарды мұқият аралап, куәгерлерден жауап алып, ашық түрде тұрғынды тонамақ болған күдіктіні ұстауға бағытталған іс-шараларды жүзеге асырды. Полиция қызметкерлерінің тиянақты жұмыстарының нәтижесінде күдікті ретінде Түлкібас  ауданының тұрғыны  ұсталды. Сондай-ақ полицейлер орта жастағы күдікті азаматты полиция бөліміне жеткізді.

Белгілі болғандай жасөспірім бала түскі уақытта сиырын іздеп жүріп астындағы велосипедін жол шетіне қойып кеткен. Осы сәтте белгісіз азамат жол шетінде тұрған велосипед пен  ұялы телефонды  көріп өз арам ойын жүзеге асырып,  ізін суытқан.  Жәбірленушіге келтірілген шығын көлемі  65 мың теңгені құрайды.Бүгінде қолды болған жәбірленушінің заттары заңды  иесіне қайтарылды. Қазіргі таңда күдікті азаматқа қатысты тергеу амалдары жүргізілуде.

Өз кезегінде Түркістан облысының полиция қызметкерлері тұрғындарды сақ болуға шақырады. Беймезгіл уақытта жалғыз сыртта жүрмеу қажеттігін ескертеді. Егер, сіз, осындай жайттардың құрбаны немесе куәгері болсаңыз тез арада «102» нөміріне хабарласыңыз.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру