Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Велосипед ұрлығын жасаған қызылордалық қолға түсті

Велосипед ұрлығын жасаған қызылордалық қолға түсті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

26 шілде күні қала тұрғыны дүкен алдында тұрған ұлының велосипедін ұрлап кеткені туралы Қызылорда қаласы Полиция басқармасына арызданған.

Тексеру барысында баласы дүкенге кіріп, велосипедін далада қалдырып кеткені анықталды. Қараусыз тұрған велосипедті белгісіз біреу жасырын ұрлап кеткен.
Жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде велосипед ұрлаған 57 жастағы облыс орталығының тұрғыны анықталып, ұсталды. Заттай дәлелдеме ретінде велосипед алынып, жәбірленушіге қол-хат арқылы берілді.
Күдіктіге қатысты ешқайда кетпеу туралы қолхат түрінде бұлтартпау шарасы қолданылды.

Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабы 1-тармағына (Ұрлық, яғни бөтеннің мүлкін жасырын жымқыру) сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру