Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкенттік полицейлер екі тұрғынның көлігінен қару тапты

Шымкенттік полицейлер екі тұрғынның көлігінен қару тапты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

2021 жылғы 24 шілде кешкі уақытта Шымкент ҚПД ЖПҚБ-на қарасты Патрульдік полиция полкінің қызметкерлерімен “Қару” жедел-профилактикалық іс-шара барысында рейдттік жұмыстар ұйымдастырылды.

Нәтижесінде Шымкент қаласы аумағында RAVON R3 маркалы автокөлігі тоқтатылып, тексеру барысында автокөліктен бір қорап оқ-дәрі шықты. Сол сияқты Lada Granta автокөлігі тоқтатылып, автокөлік ішінен қаруға ұқсас зат бар екендігі анықталған, аталған автокөлік иелері Қаратау аудандық Полиция басқармасына жеткізілді.

Қазіргі таңда тергеу амалдары жүргізілуде.

Айта кететін ақпарат, “Қару” жедел-профилактикалық іс-шарасы ағымдағы жылғы 20 тамызға дейін жалғасады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру