Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан қалалық пробация қызметкерлері есепте тұрған мұқтаж отбасыларға көмек қолын созды

Түркістан қалалық пробация қызметкерлері есепте тұрған мұқтаж отбасыларға көмек қолын созды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қалалық пробация бөлімі мен Түркістан қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту бөлімі бірлесе отырып, Түркістан қалалық пробация қызметінде есепте тұрған көмекке мұқтаж отбасыларға азық-түлік себеттерін таратты.

«Қайырымдылық жасасаң, қайырымын өзің көресің» деген екен дана қазақ халқымыз. Ертеден-ақ біздің халқымыздың ең ізгі қасиеттерінің бірі – қиындықты көріп жүрген адамдарға қол ұшын созу, оларға барынша қолдан келген көмегін көрсету болып табылады. Осы ретте елімізде жылдан-жылға қайырымдылық бағытындағы түрлі акциялар мен іс-шараларды қолдап, оларға барынша атсалысып жүргендердің саны артып келеді. Солардың қатарында біздің Түркістан қалалық пробация бөлімінің қызметкерлері де бар. Бұл жолы да аталмыш бөлімнің инспекторлары тағы бір игі шара ұйымдастырып, пробация қызметінің есебінде тұрған көмекке мұқтаж отбасыларға азық-түлік апарып берді.

– Қазіргі кезде әрбір адам жылы сөзге, мейірімге мұқтаж, өзгелердің көмегіне зәру. Қайырымдылық жасау үшін бай болудың қажеті жоқ, ең бастысы мейірімді жүрегің мен таза ниетің болса жеткілікті. Пробация қызметі есебінде тұрған жағдайы төмен отбасыларға қаолымыздан келгенше көмек қолын созуға тырысамыз. Себебі, олар көмекке мұқтаж. Осылай көмек көрсету арқылы сотталғандарды қоғамға араласуға бейімдейміз, – деді Түркістан қалалық пробация қызметінің инспекторы Дулат Мықтанбек.

Нақтырақ айтқанда, олар жақында аталып өткен Халықаралық балалар күні мерекесіне орай да аталмыш бөлімде есепте тұрған көп балалы, мүмкіндігі шектеулі отбасыларға және де әлеуметтік жағдайы төмен отбасылардың балаларына қайрымдылық іс-шара ретінде сыйлықтар таратып, балаларды қуантып, оларға азық-түлік себеттерін үлестірген болатын.

Қалалық пробация қызметінің инспекторы Дулат Қанатбекұлының айтуынша, олар тек бұл шарамен тоқталып қалмай, алдағы уақытта да әртүрлі қайырымдылық акцияларын жиі өткізіп отыратын тілге тиек етті.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру