Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістанда алаяқтық қылмысының 7 жайтына қатысы бар әйел анықталды

Түркістанда алаяқтық қылмысының жеті жайтына қатысы бар әйел анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz

Түркістан полицейлері алаяқтық жасаған жұмыссыз әйелді қамауға алды.

Түркістан қалалық Полиция басқармасына жергілікті тұрғын арызданды. Жәбірленуші әйелдің айтуынша, оны жақын таныс емес азаматша алдап кеткен. Яғни, алаяқ кәсіпкерлік үшін мемлекет тарапынан қайтарымсыз 5 млн теңге алып беремін деп сендірген. Осы қызметі үшін жәбірленушіден 200 мың теңге ақша алған. Алайда арада жарты жыл уақыт өтсе де, сенген адамы не жәрдемақы алып бермеген, не алған ақшасын қайтармаған.

Аталған жайт ҚР ҚК-нің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша тіркелді.

Тұрғынды алдап, ақшасын қалтасына басқан күдіктіні ұстау үшін тәжірибелі тәртіп сақшыларынан жедел-тергеу тобы құрылды. Нәтижесінде күдікті орта жастағы әйел тұрғылықты мекенжайынан анықталды. Ол жұмыссыз жүрген жергілікті тұрғын болып шықты.

Белгілі болғандай, орта жастағы әйел оңай жолмен ақша табу мақсатында мемлекеттен қайтарымсыз несие әперемін деп бірнеше тұрғынды алдап үлгерген. Сезіктінің жалпы жеті жайт алаяқтық қылмысына қатысы бары анықталды. Жәбірленушілерге келтірілген шығын көлемі бір млн теңгеге жуық. Ол қаражатты өзінің қажеттілігі үшін жұмсап жіберген. Қазіргі таңда күдікті қамауға алынып, тергеу амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру