Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістанда футбол алаңынан телефон ұрлаған жігіт қолға түсті

Түркістанда футбол алаңынан телефон ұрлаған жігіт қолға түсті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Түркістан қалалық полиция басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру жұмыстары барысында бұрын сотты болған ұрлық қылмысына қатысы бар деген күдікпен жас жігітті анықтады.

Белгілі болғандай, жәбірленуші футбол алаңында достарымен ойнап жүрген. Ойын алаңында болған күдікті жігіт ешкімнің байқап тұрмағанына көз жеткізіп, қараусыз жатқан сөмкеде тұрған телефонды жымқырып кеткен. Кейіннен тиісті жерге өткізіп, сатып жіберген.

Қолды болған мүлікті полиция қызметкерлері тәркілеп, иесіне қайтарды. Қазіргі таңда күдікті жігітке тергеу амалдары жүргізіліп, істің мән-жайы анықталып жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру