Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістанда мас күйде көлік басқарған жүргізушіге қатысты сот үкімі шықты

Түркістанда мас күйде көлік басқарған жүргізушіге қатысты сот үкімі шықты, – деп хабарлайды Polisia.kz

Шардара ауданы ПБ-ның полиция қызметкерлері кешкі уақытта жол ережелерін бұзып келе жатқан Daewoo Nexia көлігін байқап, тоқтатты. Оны тексеру кезінде полицейлер жүргізушінің мас күйіне күдіктеніп, медициналық сараптама тағайындады. Сараптама қорытындысы бойынша жүргізушінің мас екені анықталды.

Полиция қызметкерлері аталған жайтты ӘҚБтК-нің 608-бабы (Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқаруына беру) бойынша тіркеді. Осылайша полиция қызметкерлері жүргізушіге қатысты құжаттарды жинақтап, заңды шешім қабылдау мақсатында сотқа жолдады.

Сот жүргізушіні ӘҚБтК-нің 608-бабына сәйкес кінәлі деп танып, көлік иесін 7 жылға автокөлік басқару құқығынан айырды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру