Кентауда алаяққа алданған тұрғын 300 мың теңгесінен айырылды
Кентауда алаяққа алданған тұрғын 300 мың теңгесінен айырылды, – деп хабарлайды Polisia.kz
Кентау ҚПБ-ға жергілікті тұрғын шағым түсірді. Жәбірленуші әйелдің айтуынша, өзіне жақсы таныс емес азамат күдікті деп танылған інісін қамаудан шығарып беремін деп алдап, сеніміне кірген. Содан тұрғын алаяққа алданып, оған 300 мың теңге ақшасын берген. Алайда ақшаны алған ер адам тұрғынға әр түрлі сылтау айтып, одан қашып жүрген. Осылайша жәбірленуші әйел алаяққа алданғанын түсініп, полицейлерден көмек сұрайды.
Аталған жайт ҚР ҚК-нің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша тіркелді.
Кентаулық тұрғынды алдап, уысына түсірген алаяқты анықтап, ұстау мақсатында қырағы полицейлер қатарынан жедел-тергеу тобы құрылды. Тәртіп сақшылары жәбірленушінің айтуымен күдіктіні іздеп, басқа аудан, қалаларға бағыттамалар берді. Нәтижесінде полиция қызметкерлері күдіктіні жергілікті мекенжайынан анықтады. Ол жұмыссыз, жергілікті тұрғын болып шықты. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.