Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістанда мас жүргізуші 7 жылға автокөлік басқару құқығынан айырылды

Түркістанда мас жүргізуші 7 жылға автокөлік басқару құқығынан айырылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Бәйдібек ауданы ПБ-ның полиция қызметкерлері кешкі уақытта жол ережелерін бұзып келе жатқан Mercedes-Benz автокөлігін байқап, тоқтатты. Оны тексеру кезінде полицейлер жүргізушінің мас күйіне күдіктеніп, медициналық сараптама тағайындады. Сараптама қорытындысы бойынша жүргізушінің мас екені анықталды.

Полиция қызметкерлері аталған жайтты ӘҚБтК-нің 608-бабы (Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқаруына беру) бойынша тіркеді. Осылайша полиция қызметкерлері аталған жайттарға байланысты іс-құжаттарды жинақтап, заңды шешім қабылдау мақсатында Бәйдібек аудандық сотына жолдады.

Сот жүргізушіні ҚР ӘҚБтК 608-бабына сәйкес кінәлі деп танып, жеті жылға автокөлік басқару құқығынан айырып, 15 тәулікке әкімшілік қамауға алуға үкім етті.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру