Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістанда мас жүргізуші ұсталды

Түркістан облысының полицейлері жол ережесін бұзған мас жүргізушілерді ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қоғамдық тәртіпті және жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында, тәртіп сақшылары күнделікті рейдтік жұмыстарды жүргізуде. Осындай қызмет атқару барысында Түркістан ҚПБ ЖПҚ патрульдік полиция қызметкерлері облыс орталығы көшелерінің бірінде “Mazda” маркалы автокөлікті тоқтатты. Құжаттарын тексеру кезінде тәртіп сақшылары жүргізушінің мас күйде екендігін анықтады. Аталған жайтты ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы (Жүргізушінің алкогольден, есірткіден және (немесе) уытқұмарлықтан масаң күйде көлік құралын басқаруы, сол сияқты көлік құралын жүргізуді алкогольден, есірткіден және (немесе) уытқұмарлықтан масаң күйдегі адамға беруі) бойынша тіркеді. Осылайша жол ережесін бұзушыны медициналық куәландыруға жеткізіп, қорытындысына сәйкес “орта дәрежелі” мас халде болғаны анықталып, тиісті шешім қабылдау үшін сотқа жолданды.

Түркістан облысының полицейлері осындай жайтпен, тағы бір мас халде көлік басқарған жүргізушіні анықтады.

Ордабасы АПБ-нің патрульдік полиция қызметкерлері рейд жүргізу барысында, аудан көшелерінің бірінде бағдаршамның бұрылысынан “KIA CERATO” маркалы автокөлік бұрылмалы шамын жақпастан ережені бұза өтіп кеткен. Содан тәртіп сақшылары жол ережісін бұзғанды тоқтатады. Тексеру барысында автокөлік жүргізушісі мас күйінде көлік басқарғаны анықталып сараптамаға жіберілді.

Сараптамаға сәйкес, ер азаматтың “орта дәрежелі” мас халде болғаны белгілі болды. Қазіргі таңда жүргізушіге ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы (Жүргізушінің алкогольден, есірткіден және (немесе) уытқұмарлықтан масаң күйде көлік құралын басқаруы, сол сияқты көлік құралын жүргізуді алкогольден, есірткіден және (немесе) уытқұмарлықтан масаң күйдегі адамға беруі) бойынша хаттама толтырылып сотқа жолданды.

Түркістан облысының полицейлері мас күйінде көлік жүргізген жолаушылар үшін әкімшілік қана емес, қылмыстық жауапкершілік те қарастырылғанын ескертеді. Сонымен қатар тәртіп сақшылары тұрғындарға жолда абай болуға, жол ережесін сақтауға, ең бастысы алкогольдік немесе есірткілік мас күйінде көлік жүргізбеуге кеңес береді. Жүргізушілер есіңізде болсын, жол қателіктерді кешірмейді!

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру