Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістанда мыңдаған жас буынның қатысуымен есірткіге қарсы форум өткізілді

Түркістан облысы ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының ұйымдастыруымен есірткіге және дәріханалық нашақорлыққа қарсы ауқымды форум өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Бұл шараға Түркістан облысының прокуратурасы, облыстық психикалық денсаулық орталығының психиатр-нарколог дәрігері де өз үлесін қосты. Яғни аталған арнайы мамандар Халықаралық Қазақ-Түрік университеті, медициналық колледждің студенттері мен оқушыларға “Қауіпсіздік пен қамқорлыққа қадамдар: есірткіге қарсы күрестегі және психикалық денсаулықты қолдаудағы салауатты университет” тақырыбында сөз қозғады.

А.Бурханов студент жастарға есірткі қылмыстары, оның ішінде қазіргі жастар арасында белең алып жатқан синтетикалық есірткінің таралуына қарсы атқарылып жатқан іс-шараларды мәлімдеді. Оның заң алдындағы жауапкершілігі туралы құқықтық түсіндірме жұмысын жүргізді. Сондай-ақ нашақорлықтың түбі түрлі қылмыстарға алып келудің бірден-бір жолы екенін және одан аулақ болуға, салауатты өмір салтын ұстануға шақырды. Сонымен қатар прокуратура өкілі өз баяндамасында интернет арқылы синтетикалық есірткілердің таралуы және одан аулақ болуы туралы айтып өтті.

Ал психиатр-нарколог дәрігері болса, барлық есірткі түрінің адам ағзасына қалай зиян ететін ұғындырды. Форум соңында тақырыпқа сәйкес студенттердің сұрақтарына жауаптар берілді. Іс-шараға мыңнан астам студент пен оқушылар қатысты.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру