Түркістанда полиция қызметкерлері еріктілермен бірге ақпараттық акция өткізді
Түркістанда полиция қызметкерлері еріктілермен бірге ақпараттық акция өткізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Түркістан қаласы полиция басқармасы криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері еріктілермен бірге қала тұрғындарын интернет-алаяқтық пен нашақорлықтан қорғау мақсатында 300-ден астам жадынама таратты.
Шара барысында тұрғындарға алаяқтықтың түрлері мен сақтану жолдары, сондай-ақ нашақорлыққа қарсы профилактикалық іс-шаралар туралы ақпарат берілді.
Қатысушылар тұрғындардың сұрақтарына жауап беріп, құқық бұзушылықтардан қорғану жолдары жөнінде кеңес ұсынды. Еріктілер ақпараттық буклеттерді таратып, қоғамдағы қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыруға үлес қосты.
Іс-шараның мақсаты – тұрғындардың құқықтық сауаттылығын арттыру, жеке және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету.
