Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістанда тұрғынның 1,5 млн теңгеге жуық ақшасын қалтасына басқан алаяқ анықталды

Түркістанда тұрғынның бір жарым миллион теңгеге жуық ақшасын қалтасына басқан алаяқ анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Түлкібас АПБ-ға жергілікті тұрғын әйел арызданып келеді. Оның айтуынша, өзінің сырттай танысы “әлеуметтік қорғау бағдарламасы арқылы ақша және баспана алып беремін” деп сеніміне кіріп, 1 450 000 теңге ақшасын алып кеткен. Аталған жайтты полицейлер ҚР ҚК-нің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша тіркеп, жедел-іздестіру жұмыстарын бастады.

Аудандық тәжірибелі полицейлерден құрылған жедел-тергеу тобы тұрғынды арбауына түсірген алаяқты ұстауға қажетті шараларды жасады. Куәгерлерден жауап алу барысында жинақталған ақпарат көздері арқылы күдіктінің жеке-басы анықталып, АПБ-на жеткізілді. Ұсталған ер адамның жергілікті тұрғын екені белгілі болды. Ол өз кінәсін толық мойындады. Алаяқтық жолмен алынған ақшаны өз қажеттілігіне жаратып жіберген. Ұсталған орта жастағы ер адам  “қолхатта”. Қазіргі таңда осы іс бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру