Түркістандық полицейлер балаларды қуантты
Түркістан облысы Полиция департаментінің полицейлері кезекті игі іс атқарып, дәстүрге айналған шараны жалғастырды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Нақтырақ айтсақ, Түркістан ҚПБ Жергілікті полиция қызметінің ювеналды полиция тобының қызметкерлері әлеуметтік жағдайы төмен және көпбалалы отбасыларды мерекемен құттықтай отырып, жаңа оқу жылының басталуына орай оқушыларға мектепке қажетті құрал-жабдықтарын таратты.
Іс-шараның негізгі мақсаты – балаларға полицейлердің қашанда қорған екенін түсіндіріп, қолдау көрсетіп, қуанту болып табылады. Осылайша тәртіп сақшылары бірнеше оқушылардың үйіне арнайы барып, сый-сыяпаттарын табыс етті.
Өз кезегінде полицейлердің қайырымдылық іс-шаралары көңілдерінен шыққан балалар, шынайы ризашылықтарын жеткізіп, алғыстарын жаудырды. Сондай-ақ оқушылар отбасы туралы ойларымен бөлісіп, сурет салды.
Тәртіп сақшылары өздерінің қауырт қызметтеріне қарамастан, арасында осылай уақыт тауып, аз қамтылған жанұяларға көмек беріп, қол ұшын созуға дайын. Яғни бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жандандырылатын болады.