Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Үйде тұрған әмияннан ақша ұрланды

Түркістан облысының полицейлері әмияннан ақша ұрлаған күдіктіні “ізін суытпай” ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жетісай аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын арызданып келеді. Ол өзінің арызында белгісіз біреудің үйінде ешкім жоқтығын пайдаланып, жатын бөлмесінде тұрған әмиянынан 24 мың теңге ақшасын ұрлап кеткендігін көрсеткен.

Аталған жайт ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша тіркелді.

Сондай-ақ полицейлер күдіктіні ұстауға бағытталған жедел-іздестіру шараларын жүргізді. Жақын аймақтарды аралап, куәгерлерден жауаптар алды. Өз кезегінде бейнекамералар да тексерілді.
Нәтижесінде Жетісай АПБ-нің қызметкерлері қылмыстың “ізін суытпай” бір тәулік ішінде ашып, күдікті ретінде бұрын сотты болмаған жергілікті тұрғынды ұстады. Қазіргі таңда ұсталған ер азамат қолхатта. Тергеп тексеру амалдары жүргізілуде.

Жеке мүліктің ұрлануына жол бермеу үшін Түркістан облысының полицейлері қала тұрғындарынан қырағы болуларын сұрайды. Мысалы, Сіз жер үйде немесе көпқабатты үйлердің төменгі қабаттарында тұратын болсаңыз, пәтер ұрлықтарын болдырмау мақсатында сенімді құлып пен терезелерге торлар орнатқаныңыз жөн. Сондай-ақ, пәтерде бола тұра есігін құлыптап отырыңыз.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру