Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қомақты несие алып беремін деп тұрғынды алдаған алаяқ ұсталды

Түркістан облысының полицейлері қомақты несие алып беремін деп тұрғынды алдаған алаяқты ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Сарыағаш АПБ-не жергілікті тұрғыннан арыз келіп түскен. Онда жәбірленуші әйел мамыр айында әлеуметтік желіден ірі көлемде несие шығарып беремін деген жарнаманы көріп хабарласып, соңында алданып қалғанын жеткізді. Белгілі болғандай, банкте жұмыс істейтіндігін айтқан алаяқ, тұрғынның әбден сеніміне кіріп, алты миллион теңге шығарып беремін деп алдап 850 мың теңгесін алып алған. Содан ұшты-күйлі жоқ болған. Ешқандай да несие алып бермеген. Аталған жайт ҚР ҚК-нің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша тіркелді. Тұрғын полицейлерден басқа ешкім күдіктіні ұстай алмайтынын біліп, шағымданып көмек сұрады.

Күдіктіні ұстау мақсатында Сарыағаштық қырағы полицейлер қатарынан жедел-тергеу тобы құрылып, әрекетке көшті. Нәтижесінде ақпарат көздері арқылы күдіктінің жеке-басы бір тәулік ішінде анықталып, аудандық полиция бөліміне жеткізілді. Ол жұмыссыз, Жетісай қаласының тұрғыны болып шықты. Қазіргі таңда тергеу амалдары жүргізілуде. Күдіктінің бұдан да басқа қылмыстық оқиғаларға қатыстылығы анықталуда. Бас шарасы “қолхатта”.

Түркістан облысының полицейлері тұрғындарға кез-келген азаматқа сенбеңіздер деп кеңес береді.

Ақша алып беремін, болмаса мүгедектікке шығарамын, мемлекеттік жәрдемақыларды әперемін деген сынды ұсыныс жасаушыларға мүлдем сенбеңіздер. Тек аты-жөні, лауазымы бар, белгілі орында отыратын нағыз мамандармен жұмыс жасаңыздар деп кеңес береді. Ал, алаяқтарға алданып қалсаңыз, уақыт оздырмай, полицияның “102” телефонына хабар беріңіздер.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру