Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысының полицейлері велосипедшілердің жол жүріс қағидаларын бақылады

Түркістан облысының полицейлері велосипедшілердің жол жүріс қағидаларын бақылады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Киелі Түркістан қаласы “Облыс” статусын алғалы бері қалада түрлі нысандар бой көтеріп, күннен-күнге көркейіп келеді. Азаматтардың жолдағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Түркістан қаласы көлемінде 26 шақырымнан асатын арнайы веложолдар қамтылған. 2020 жылдың сегіз айында қала көлемінде велосипедшіні қағу бес жол көлік оқиғасы тіркелген. Осы себептен Түркістан ҚПБ-ның қызметкерлерімен жолда жүру қағидаларының талаптарын сақтамағандығы үшін 122 құқық бұзушыға әкімшілік шара көрілген.

Тәртіп сақшылары өз кезегінде егер вело жүргіншілері жол жүрісі қағидаларының талаптарын сақтамаған жағдайда ҚР ӘҚБтК-нің 615-бабының 1-бөлігімен әкімшілік жауапкершілікке тартылатындығын ескертеді.

Өз өмірің өз қолыңда. Сақ бол!

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру