Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Атырау полицейлері жоғалған 13 жасөспірімді тапты

Атырау полицейлері 7-12 қыркүйек аралығында жоғалған 13 жасөспірімді тауып, үйлеріне қайтарды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Бес күн ішінде хабар-ошарсыз кеткен жасөспімдер бойынша Атырау қалалық полиция басқармасының “102” операторына 13 хабарлама түскен.

Талдау көрсеткендей, олардың арасында
3-8 жас аралығында сегіз бала (ата-ана қарауынсыз қалғандар), 8-14 жасқа дейінгі жоғалған бес жасөспірім (ата-анасының бақылауынсыз қалғандар). Барлық жағдайда полицейлер балаларды 2-3 сағат аралығында тауып алған.

Аталған оқиғалардың көпшілігі, балалардың үй аулаларынан шығып кетуі. Ата-аналарының хабарламасы бойынша полиция қызметкерлерінің жедел іздестірулерімен жоғалып кеткен балалар аман-есен табылған.

Солардың ішінде, Вокзал маңы 5 ықшам ауданында бес жасар бала ата-анасының қарамауының салдарынан түскі уақытта үйінен шығып кеткен.

Кеш болғанда полиция қыметкерлеріне хабарлама түскен, тәртіп сақшыларының іздеуімен бала табылып, ата-анасына табысталды.

13 қыркүйек сағат 19:00 шамасында Атырау қаласы, Ш.Уәлиханов көшесі, 21 үйдің алдынан алты және төрт жастағы екі жасөспірім үйлерінің алдында ойнап жүріп, ересектер тарапынан қараусыз қалу салдарынан үйлерінен адасып қалған. Полиция қызметкерлерімен табылып, ата-анасына тапсырылды.

Полиция қызметкерлері, осындай оқиғалардың алдын алу мақсатында, ата-аналарға балаларды қараусыз қалдырмауды ескертеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру