Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістандық полицейлер балалардың қауіпсіздігі мен тыныштығын қамтамасыз етуде

Түркістандық полицейлер балалардың қауіпсіздігі мен тыныштығын қамтамасыз етуде, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Түркістан облысы Полиция департаментінің бастығы М.Қабденовтің тапсырмасымен облыс полицейлері “Балалар жылы” қарсаңында балалардың қауіпсіздігі мен тыныштығы аясында жан-жақты жұмыстарды атқаруда.

Осы орайда Түркістан облысы әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өткізілді. Келелі кездесуге Түркістан облысы Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Абдуғани Сейдуалиев қатысты. Оған қоса прокуратура, полиция, Адами әлеуетті дамыту басқармасы, Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшылары, қалалық, аудандық әкімдердің орынбасарлары мен өңірлердегі адами әлеуетті дамыту бөлімдерінің басшылары және “Түркістан облысы ата-аналар қауымдастығы” қоғамдық бірлестігінің жетекшілері қатысты.

Күн тәртібінде кәмелеттік жасқа толмағандар арасындағы суицидтер, ерте жүктілік, олармен жасалған қылмыстық құқық бұзушылық деректерін талдау мен алдағы уақытта олардың алдын алу бойынша атқарылатын жұмыс жоспарлары қаралды. Келелі кездесуде А.Сейдуалиев баяндама жасады.

– Бала – біздің болашағымыз. Олардың амандығы, дұрыс жолда өсіп-өркендеуі жолында бірінші кезекте, өзіміз ата-ана ретінде жауаптымыз. Одан кейін мектеп, құқық қорғау қызметкерлері, қоғам болып та қорған боламыз. Осы орайда әрқайсымыз өзімізге жүктелген міндетті абыроймен атқарып, жұмыла жұмыс істегенде ғана, оң нәтижеге қол жеткіземіз, – деп атап өтті А.Сейдуалиев.

Тәртіп сақшылары елімізде жасөспірімдердің түнгі уақытта көшеде заңды өкілінсіз жүруіне, компьютерлік клубтар мен мейрамханаларда болуына заңға сәйкес тыйым салып, қадағалауда. Тәртібі қиын балаларды жергілікті жерлердегі ювеналды полиция тобының инспекторлары қатаң бақылауға алған. Яғни, кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу және жолын кесу мақсатында мүдделі мемлекеттік органдардың, мемлекеттік емес ұйымдардың, жұртшылық пен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін тарта отырып, облыс аумағында жедел-профилактикалық іс-шаралар өткізілуде.

Сонымен қатар, Полиция департаменті басшылығының нұсқауымен әр аптаның демалыс күндері аудандық полиция бөлімдерінің қызметкерлерімен бір нүктелік профилактикалық іс-шаралары жүргізіледі. 

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру