Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістандық полицейлер дәріханадан телефон ұрлаған күдіктіні анықтады

Түркістандық полицейлер дәріханадан телефон ұрлаған күдіктіні анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz

Түркістан қалалық ПБ-ға жергілікті тұрғын арызданған. Онда жәбірленуші бойжеткен өзінің жұмыс жасайтын дәріханасында тұрған IPhone 13 телефонын белгісіз азамат ұрлап кеткенін көрсеткен. Келтірілген жалпы шығын көлемі – 450 мың теңге.

Тәртіп сақшылары аталған жайтты ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша тіркеді.

Хабар алысымен қырағы полицейлер тобы жедел әрекет етіп, ұрлық болған дәріханаға бағыт алды. Дәріхана иесінен, жәбірленуші бойжеткеннен және басқа да көрген-білгендерден сұрастырып, бейнебақылау камераларын мұқият тексерді. Нәтижесінде тәулік ішінде күдіктіні тұрғылықты мекенжайынан анықтады. Ол жергілікті тұрғын, ер азамат болып шықты.

Қазіргі таңда аталған жайтқа байланысты тергеу амалдары жүргізілуде. Белгілі болғандай, күдікті дәрі алу мақсатында дәріханаға кірген. Содан соң қараусыз тұрған телефонға көзі түсіп, оңай жолмен ақша табуды көздеген. Осылайша жанында адамдардың жоқтығын пайдаланып, білдіртпестен телефонды алып, оқиға орнынан бой тасалаған. Күдіктіден қолды болған ұялы телефон айғақты зат ретінде алынып, заңды иесіне қайтарылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру