Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістандық полицейлер ерлікпен қаза тапқан әріптестерін еске алды

Түркістандық полицейлер ерлікпен қаза тапқан әріптестерін еске алды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Бүгінде ел тыныштығы үшін жанын қиған Ғазиз Байтасов әріптестерінің мәңгі есінде.

Түркістандық тәртіп сақшылар өздерінің жұмыстарын таңғы уақытта ерлікпен қаза тапқан батырды еске алуға арналған бір минуттық үнсіздікпен бастады. Департамент алдына жеке құрам жиналып, «Халық Қаһарманының» ерлігі туралы айтылды. Түркістан облысының жеке құрам қызметкерлері бүгінгі жұмыс күніне батырдың ерлігінен жігер алып, өз жұмыстарын абыроймен атқаруға кірісті. Ерлік пен өрліктің хас үлгісін көрсеткен батырларды мадақтау, олардың алдында бас иіп, құрмет көрсету – бүгінгі ұрпақтың да бұлжымас парызы. Қазіргі тыныш өміріміз, тәуелсіздігіміз осындай батырлық пен ерліктің белгісіндей болған батырлардың ерен еңбегі деп білеміз, бейбіт күннің әр сәтін бағалау қажеттілігін бәріміз сезінуіміз керек.

Сондықтан өскелең ұрпаққа антына адал болған полицейлердің даңқын дәріптеп, ерен ерлігін еске салып отыру болашақта патриотты да парасатты ерлердің ел қамы үшін қызмет ететініне кепіл болмақ!

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру