Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Маңғыстау облысы Полиция департаментінде Халық Қаһарманын еске алуға арналған жиын өтті

Маңғыстау облысы Полиция департаментінде Халық Қаһарманын еске алуға арналған жиын өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қылмыскерді тұтқындау кезінде полиция капитаны Ғазиз Байтасовтың ерлікпен қаза тапқаны арада он жыл өтсе де елдің есінде.

Осыған орай Маңғыстау облысы Полиция департаментінде батырды еске алуға арналған жиын өтті. Жиынға ведомство бастығының орынбасары Болатбек Ақшауов, ҚАЖД бастығының орынбасары Руслан Оразбаев мен ҚР Ұлттық Ұланның №6656 әскери бөлімі командирінің орынбасары Ернар Аширбеков, сонымен қатар барлық бөліністердің жеке құрамы қатысты.

Сөз кезегін алған Б.Ақшауов осыдан 10 жыл бұрын қарашадағы қанды оқиғада қаза тапқан батыр полицей Ғазиз Байтасовтың ерлігін айтып, бір сәт үнсіздікпен еске алды.

Жиынға қатысушылар қызмет бабында қаза болған тәртіп сақшыларына арналған ескерткішке гүл шоқтарын қойды.

Бұл игі шаралардың барлығы антына адал болған полицейдің даңқын дәріптеп, ерлігін ұлтқа ұран, ұрпаққа үлгі етудің бір айғағы.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру