Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістандық полицейлер сервистік полиция моделіне өтуді талқылады

Түркістан облысы бас полицейінің бастамасымен сервистік полиция моделі аясындағы жұмыстарды жандандыру мақсатында өңірге арнайы мамандар келді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың “Жаңа Қазақстан” атты халыққа үндеуіндегі тапсырмаларды жүзеге асыру үшін, полицияның сервистік модельге көшуі, яғни, тәртіп сақшыларының қолжетімді, ашық әрі халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз етуде жедел және дамыған әдістерді қолдануы, цифрлық технологияны меңгеруі, біліктіліктерін арттырып, қылмыстардың азаюы мен оларға тосқауыл қойылуы үшін жүйелі жұмыстар жүргізіліп жатыр.

Ал бұл жұмыстардың одан әрі де жедел жүзеге асуы үшін Түркістан облысы Полиция департаментінің бастығы Мұрат Қабденовтың бастамасымен арнайы мамандар киелі өңірге келді. Олар – ҚР ІІМ ӘПК төрағасының орынбасары Алексей Милюк, ЕҚЫҰ Бағдарламалар офисінің консультанты Эльмира Хисамутдинова, ІІО жобалау қызметін ұйымдастыру басқармасының бастығы Амина Алмагамбетова, Қарағанды академиясының оқытушысы, зерттеу жетекшісі Сағынған Молбасин.

Аталған мамандар полицияның сервистік моделі бойынша талдауларды қарап, қылмыстардың болуы, себеп-салдары мен оны болдырмау жолдарын анықтайтын болады. Мұндай жұмыстар өз кезегінде Түркістан облысын қауіпсіз әрі қылмысы аз облыс қатарынан түсірмей, жақсы нәтижелерге қол жеткізуге, қауіпсіз аймаққа айналдыруға үлкен үлесін қосады.

Аталмыш жиынға облыс әкімінің орынбасары Ұлан Тәжібаев, Түркістан облысы ПД бастығының бірінші орынбасары Абдуғани Сейдуалиев, Түркістан ҚПБ бастығы Бауыржан Селтанов, Түркістан облысы әкімдігі жанынан қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде сервистік тәсілді енгізу жөніндегі ведомствоаралық топ мүшелері қатысты.

Нұр-Сұлтан қаласынан келген арнайы топ үш күн қатарынан сервистік полиция моделі бойынша атқарылған және алдағы уақытта атқарылатын істерді саралайды. Дамыған елдердегі озық тәжірибені мамандарға үйретіп, тәжірибелерімен бөліседі.

Бұдан бөлек баяндамалар оқылып, жобаның жұмыстары пысықталды. Осыған дейін Түркістан облысы Полиция департаментінің ұсынысына сәйкес пилоттық аумақ ретінде Яссы мен Сауран шағынаудандары таңдалған болатын. Елордадан келген мамандардың саралауымен облыс орталығы Түркістан қаласы да пилоттық аумаққа енгізілді.

Айта кеткен жөн, киелі өңірдің бас полицейі қызметке тағайындалған күннен бастап облыстың қауіпсіз болуы мен сервистік полицияның енгізілуі бағытындағы жұмыстарды қолға алып, қатаң қадағалауда.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру