Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістандық полицейлер шетел азаматына еліне қайтуына көмектесті

Түркістандық полицейлер шетел азаматының құжатын рәсімдеп, еліне қайтуына көмектесті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Түркістан облысы Жетісай аудандық ПБ-ға шетел азаматы төлқұжатының жоғалғандығы жөнінде хабарлап, көмек сұраған. Өз кезегінде Жетісай ауданы көші-қон қызметкерлері дереу іздестіру жұмыстарын жүргізіп, нәтижесінде шетелдік азамат, яғни Өзбекстан елінің азаматы Тойржан Исаковпен жүздесті.

Өзбекстан азаматының айтуынша, жақын арада еліне қайтуға тиіс болған, алайда төлқұжатын жоғалтып алуына байланысты полиция қызметкерлерінің көмегіне жүгінген. Жетісай ауданы ПБ көші-қон полициясы аталған азаматқа тез арада көмектесу мақсатында басқа да тиісті орындармен хабарласып, Тойржан Исаковқа шекарадан заңды түрде өтуін растайтын сертификатты алып берді. Полицейлердің жедел жұмысына көңілі толған Өзбекстан азаматы Жетісай ауданы ПБ-ның көші-қон полиция қызметіне алғыс айтып, ризашылығын білдірді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру