Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

“Әлеуметтік көмек алып беремін”: Шымкентте кезекті алаяқ анықталды

Шымкентте кезекті алаяқ анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Шымкент қаласы Полиция депаратаменті Қаратау ауданы Полиция басқармасына “102” нөмірі арқылы Шымкент қаласының тұрғыны арызданған. Ол өз арызында белгісіз біреу сеніміне кіріп, мемлекет тарапынан атаулы әлеуметтік көмек алып беремін деп, 200 мың теңге ақшасын алаяқтық жолмен иемденіп кеткенін көрсеткен.

Қаратау ауданы Полиция басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында жергілікті жердің тұрғынын анықтаған. Ұсталған азаматтың басқа да қылмыстарға қатыстылығы анықталуда. Тексеру амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру