Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістандық полицейлер Шымкентте өткен грэпплинг сайысынан жүлдемен оралды

Түркістандық полицейлер Шымкентте өткен грэпплинг сайысынан жүлдемен оралды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Шымкент қаласында грэпплинг сайысынан ересектер арасында Қазақстан Республикасының кубогы өткізілді. Аталған спорттық сайысқа Түркістан облысы Полиция департаментінің оқу-жаттығу взводының инспекторлары Жәнібек Айдарбек пен Жолдасбек Ануаров арнайы жіберілді.

Кіл мықтылар бақ сынаған сайыста түркістандық полицейлер үздіктердің қатарынан көрінді. Нақтырақ айтсақ, 83 және 91 келіде сайысқа түскен полицейлер жүлделі III-ші орынды иеленді.

Үздік үштіктің қатарынан көрінген тәртіп сақшыларына грамота мен медальдар табыс етілді. Ел мен жердің қауіпсіздігін күзетіп, қоғамдық тәртіпті бақылауда ұстайтын, жалпы түрлі қылмыстардың алдын алу үшін аянбай тер төгетін полиция қызметкерлері осындай спорттық сайыстар арқылы үнемі физикалық күштерін сынап, тәжірибелерін арттырып отырады.

Аталмыш сайыста жүлделі орынға ие болған полиция қызметкерлерінің бірі Жәнібек Айдарбек 2010 жылдан бері самбо күресімен айналысып келеді. Өз күшін спорт саласында сынап жүрген полицей халықаралық дәрежедегі спорт шебері, 2014 жылы Азия чемпионы атағын алған.

Ал Жолдасбек Ануаров өз қызметін 2014 жылы оқу-жаттығу взводының инспекторы қызметінен бастап, осы жылдан бері спорттың еркін күрес түрімен шұғылданып келеді. Жауапкершілігі мол, жұмысымен қоса салауатты өмір салтын қатар алып жүрген полицей 2016 жылы Қостанай қаласында өткен самбо күресінен Қазақстан чемпионы атанған.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру