Түркістандық полицейлер жергілікті тұрғыннан екі қару мен 100-ден астам оқ-дәрі тәркіледі
Түркістандық полицейлер жергілікті тұрғыннан екі қару мен 100-ден астам оқ-дәрі тәркіледі, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Түркістан облысы ПД криминалдық полиция қызметкерлері мен Созақ ауданының полицейлері жергілікті тұрғынның үйінен еш жерде тіркелмеген 2 қару мен оқ-дәрілер тапты.
Нақтырақ айтсақ, қылмыстың алдын алу бағытында қызметте жүрген полицейлер, жергілікті тұрғынның бірі өз үйінде қару-жарақ заттарын заңсыз сақтайтынын анықтады. Жедел-іздестіру шаралары барысында полиция қызметкерлері Созақ ауданының тұрғынын анықтап, оның үйіне тінту жұмыстарын жүргізді.
Нәтижесінде күдіктінің үйінен заң талаптарына сай келмейтін 1 дана ойық ұңғылы қару мен 1 дана 12 калибрлі тегіс ұңғылы мылтық тәркіледі. Сондай-ақ 100-ден астам оқ пен 6 дана атылған оқ алынды. Тәртіп сақшылары күдіктіні оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін полицияға жеткізді.
Аталған жайт ҚР ҚК-нің 287-бабы (Қаруды, оқ-дәрiлердi, жарылғыш заттарды және жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткiзу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру) бойынша тіркелді.
Қазіргі уақытта аталған жайтқа байланысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Сараптамалар тағайындалды.