Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкенттік тұрғын сегіз жыл бірге тұрған танысының үйіне ұрлыққа түскен

Шымкенттік тұрғын сегіз жыл бірге тұрған танысының үйіне ұрлыққа түскен, – деп хабарлайды Polisia.kz.

19 ақпан күні сағат 11:19-да бұрын бір пәтерде сегіз жыл бірге тұрған танысы 580 мың теңгесін ұрлап кеткен.
Әл-Фараби АПБ-ның кезекші бөліміне жергілікті жердің 42 жастағы тұрғыны шағымданған. Ол арызында, бұрын сегіз жыл бойы бірге тұрып, кейінгі екі жылдан бері бөлек кеткен танысы өзінде болған пәтердің екінші көшірме кілтін пайдаланып, заңсыз кіру арқылы шкафтың ішінде тұрған 580 мың теңгені ұрлап кеткендігін жазып көрсеткен.

Аталған жайт ҚР ҚК-тің 188-бабы 1-бөлігінің 1-тармағымен (Ұрлық) сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді.

Тәртіп сақшылары жүргізілген жедел іздестіру іс-шарасы барысында күдіктінің ізін суытпай, бір тәулік ішінде Шымкент қаласының аумағынан қолға түсірді. Ол Шымкент қаласының тұрғыны болып шықты. Жасы – 35-те, жұмыссыз.

Қазіргі кезде ұсталған әйел өз кінәсін толықтай мойындап отыр. Заңсыз әрекетке қаржыдан қысылғандықтан барғанын және бұл үшін өкінетінін жеткізді.

Полиция қызметкерлері күдіктінің басқа да осы тектес жайттарға қатыстылығын анықтап жатыр. Тергеу әрекеттері жалғасып жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру