Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысының тұрғынының 2,7 млн теңгесін алаяқтықпен иемденген азамат анықталды

Жер алып беремін деген желеумен Түркістан облысының тұрғынының 2,7 млн теңгесін иемденген алаяқ құрықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Түркістан қалалық полиция басқармасына жергілікті тұрғын арызданды. Оның айтуынша, танысы 10 соттық жер алып беремін деген желеумен алдын ала 2,7 млн теңге ақшасын алған. Айтқан уәдесінде тұрмай, әбігерге салған ер адамды жауапқа тарту үшін тұрғын полицияның көмегіне жүгінген.

Аталған деректі ҚР ҚК-нің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша тіркелді.

Тәртіп сақшылары алаяқтыққа қатысы бар күдіктінің жеке басын анықтауға бағытталған жедел-іздестіру жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде жергілікті тұрғын анықталып, полицияға жеткізілді.
Қазіргі уақытта оған қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру