Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Маңғыстау облысында полицейлер арасында эстафета ұйымдастырылды

Маңғыстау облысында полицейлер арасында эстафета ұйымдастырылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

23 маусым – Қазақстан полициясы күні мерекесіне орай Маңғыстау облысы ІІО бөліністері қызметкерлерінің арасында “Полиция эстафетасы” спорттық сайысы ұйымдастырылды.

Эстафетаға барлығы әрқайсысы 8 адамнан құралған 6 команда қатысты. Полиция департаментінің қала, аудандық бөліністерінен бөлек желілік полиция бөлімі мен мамандандырылған күзет қызмет басқармасының қызметкерлері де бұл жарыста бақ сынасты.

Тартысты ойынның нәтижесінде бірінші орынды “Маңғыстау облысы полиция департаменті” командасы, екінші орынды “Мамандандырылған күзет қызмет басқармасы” командасы және үшінші орынды “Мұнайлы ауданы полиция бөлімі” иеленді. Барлық жүлделі орын алған қызметкерлер медальдармен, грамоталармен және кубоктармен марапатталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру