Түркістандық полицейлер жүргізуші куәлігін әперемін деп тұрғынды алдаған қарағандылықты анықтады
Түркістандық полицейлер жүргізуші куәлігін әперемін деп тұрғынды алдаған қарағандылықты анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Түркістан қалалық Полиция басқармасына жас жігіт арызданды. Оның айтуынша, Instagram әлеуметтік желісі арқылы белгісіз біреу жүргізуші куәлігін жасап беремін деп сеніміне кіріп, ақшасын банк шотына аудартып алған. Жәбірленушіге келген шығын көлемі 60 мың теңге.
Аталған жайтты полиция қызметкерлері ҚР ҚК-нің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша тіркеуге алды. Полиция қызметкерлері қылмысты ашу мақсатында қажетті шараларды жүзеге асырды. Олар банк шоттарын тексеріп, жан-жақты жұмыстар атқарды. Нәтижесінде, осы қылмысқа қатысы бар күдікті Қарағанды қаласының тұрғыны болып шықты.
Анықталғандай, жәбірленуші әлеуметтік желі арқылы жарнаманы көріп қалған. Содан оның жекесіне жазып, екеуі байланыс орнатқан. Алайда күдікті өзінің арам ойын жүзеге асырып, жәбірленушіден ақша алған соң байланысты үзген. Қазіргі таңда күдіктіге қатысты тергеу амалдары жүргізілуде.