Түркістандық полицейлерге ерекше форматта психологиялық тренинг ұйымдастырылды
Түркістан облысының полицейлеріне ерекше форматта психологиялық семинар-тренинг ұйымдастырылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Түркістан облысы полиция департаментінің үлкен мәжіліс залында «Жас мамандарды экстремалды жағдайларда өзін-өзі реттеу мен стресстік күйдің алдын-алу» тақырыбында инспектор-психолог Айгерім Исаева мен полиция қызметкері Жансая Байкенженің ұйымдастыруымен семинар-тренинг өтті.
Ерекше форматта өткізілген семинар-тренингке Түркістан ПД аппарат құрылымы, Түркістан қалалық полиция басқармасы мен кентаулық 50-ге жуық жас қызметкерлер, олардың тәлімгерлері қатысты.
Семинарға өз тәжірибелерімен бөлісуге Түркістан облысы ПД және ҰҰ ардагерлер кеңесінің төрағасы отставкідегі полиция қызметкері Оспанғазы Жанқожаев, Шымкент қалалық полиция департаментінің инспектор-полиграфологы Феруза Аматаева, полиция қызметкері Ақерке Тастемирова және полиция қызметкері Балжан Тұрар арнайы шақыртылды.
Аталған спикерлер жас тәртіп сақшыларына қиын да қауіпті жұмыстарында асқан жауапкершілік пен шыдамдылық қажет екенін айта отырып, баяндама жасап, тренинг жаттығуларын жүргізді.
Атап айтсақ, семинар-тренинг 3 кезеңнен тұрды. Бірінші кезеңде «Суицид – ең ауыр күнәлардың бірі» және «Жас қызметкерлердің интеллектік психологиясын дамыту» тақырыптарында дәріс пен презентация көрсетілді. Ал екінші кезең тренинг-жаттығуларымен жалғасты. Тренингте белсенділік танытқан қатысушыларға ұпай ретінде жұлдызшалар таратылып, саны жағынан көп жинағандарға көтермелеу мақсатында тәтті сыйлықтар үлестірілді. Қорытындылау мақсатында өткен үшінші кезеңде қатысушылармен кері байланыс орнату үшін сұрақ-жауап пен пікір алмасу жасалды.
Шара соңында кадр саясаты басқармасының бастығы Мақсат Асқаров сөз сөйлеп, семинарға келген қонақтарға Түркістан ПД бастығы М.Қабденовтың атынан алғыс хат пен киелі Түркістаннан естелік ретінде сыйлықтар берілді. Сонымен қатар алдағы қызметіне мотивация ретінде 4 жас қызметкерге де алғыс хат берілді.