Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматы қаласы, Алматы және Жетісу облыстары бойынша ҚАЖД қызметкерлері “Мектепке жол” акциясына қатысты

Алматы қаласы мен Алматы және Жетісу облыстары бойынша ҚАЖД қызметкерлері “Мектепке жол” акциясына қатысты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматы қаласы, Алматы және Жетісу облыстары бойынша ҚАЖ департаментінің күзет бөлімінде жаңа оқу жылы қарсаңында “Мектепке жол” акциясына үлес қосты.

Жыл сайын дәстүрге айналған акция барысында мекеме ұжымы көп бала тәрбиелеп отырған әріптестері С.Нұржауовтың балаларына сый-сияпат жасалды.

– “Мектепке жол” акциясы адамдардың бір-біріне деген қамқорлығын арттыратын жақсы бастама. Жаңа оқу жылы қарсаңында біз әріптесіміздің балаларына қамқорлық танытып қана қоймай, оның отбасында болып, балалармен “Болашақта кім боласың?”деген тақырыпта әңгіме-дүкен құрдық. Олардың әкесінің ұжымдағы үлгілі қызметкер екенін жеткіздік. Өз әкелері туралы жақсы пікір естіген жеткіншектер келешекте оның жолын қуатынын айтып, отбасының тірегі – әкелерін мақтан етті. Мұндай іс-шара болашақ ұрпаққа тәлімді тәрбие беруге зор ықпал етеді, – дейді мекеме бастығының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Р.Шаяхметов.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру