Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жетісу облысында полиция қызметкерлері үшін семинар-кеңес өткізілді

Жетісу облысында оқу жылы қарсаңында ювеналды қызметкерлер үшін семинар-кеңес өткізілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жетісу облысы ПД жергілікті полиция қызметі басқармасы қызметкерлерінің бастамасымен кәмелетке толмағандар істері жөніндегі учаскелік полиция инспекторлары және білім беру саласындағы қызметкерлер арасында әдістемелік семинар өткізілді.

– Семинарда көптеген аспектілер, соның ішінде кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу, жол қозғалысы қауіпсіздігі, балалардың суицидтік және девиантты мінез-құлқы, жасөспірімдердің нашақорлығы және тағы да басқа бойынша жұмыстар жүргізу қажеттілігі қозғалды, – деп атап өтті Жетісу облысы ПД ЖПҚБ аға инспекторы Серік Байгозинов.

Аталған мәселелерден басқа, семинар-кеңес аясында банк карталарын пайдалану кезінде жасалатын қылмыстар мен құқық бұзушылықтар, кәмелетке толмағандар арасында электрондық темекіні пайдаланудың алдын алу сияқты тақырыптар да көтерілді.

Сондай-ақ жиынға қатысушылар жалпы білім беретін мектептердің оқушылары арасындағы қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша білім беру мекемелерінің жұмысының жалпы жүйесін талқылады. Бұл ретте облыстағы барлық оқу орындарында құқықтық тақырыптарда дәрістер өткізу жөнінде нақты тапсырмалар мен нұсқаулар берілді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру