Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қостанайлық полицейлер облыстық мектептің педагогтерімен кездесті

Қостанай облысы ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері М.Хакімжанова атындағы №20 жалпы білім беретін мектептің педагогтерімен кездесті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Кездесу мақсаты – жасөспірімдер мен балалар арасында есірткінің таралуының алдын алу. Полиция подполковнигі Айгүл Ераділова оларды есірткі ортасына тартудан қорғау үшін балалардың мінез-құлқындағы психологиялық өзгерістерге уақытында назар аудару маңызды екенін атап өтті.

Бұл жұмыс мұғалімдердің де, ата-аналардың да үлкен күш біріктіруін талап етеді. Ол үшін қала мектептерінде осындай форматтағы кездесулер, сондай-ақ бірлескен ата-аналар жиналыстары өткізіліп отыруы тиіс.

Жыл басынан бері бөлімше қызметкерлері заңсыз айналымнан 328 келіден астам түрлі есірткі заттарын тәркілеген.

Бүгінгі таңда қызметкерлер 200-ден астам интернет-ресурстарды бұғаттады. Олардың көмегімен есірткі мен психотроптық заттарды жарнамалау және тарату жүзеге асырылған. Полиция подполковнигі есірткі таратушыларды қандай жаза күтіп тұрғанын да атап өтті.

Айгүл Ераділова соңғы жылдары бүкіл әлемді дизайнерлік синтетикалық есірткілер толқыны басып қалғанын атап өтті. Есірткінің бұл түрі өте қауіпті. Өйткені бағасы қолжетімді, интернет-ресурстар арқылы байланыссыз сатып алуға болады, қолдануға оңай және психикаға да үлкен әсерін береді. Негізгі тұтынушылар 14 пен 20 жас аралығындағы жеткіншектер.

Сондай-ақ, темекі қоспалары, дәмдеуіштер, тұздар және тағы да басқа зиянды заттар адам денсаулығына қауіпті.

М.Хакімжанова атындағы №20 жалпы білім беретін мектептің директоры Мейрамхан Сағымбаев мұндай кездесулер өте пайдалы екенін атап өтті. Өйткені педагогтар мен ата-аналар проблемаға уақытында назар аудару үшін маңызды ақпарат алады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру