Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістандық сақшылар көлігі қарға батып қалған жүргізушілерге көмек көрсетті

Түркістандық сақшылар көлігі қарға батып қалған жүргізушілерге көмек көрсетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Көктем келгелі Түркістан облысының таулы аумақтарында қар қалың жауып, автокөліктердің жүруіне кедергі келтіруде. Осыған байланысты Түркістан облысы Полиция департаментінің бастығы Мұрат Қабденовтің тапсырмасымен облыс полицейлері 19-29 наурыз аралығында күшейтілген режимде жолдарды патрульдеуде.

Бірнеше күннен бері облыстың кейбір аумақтарында қар, кейбірінде жаңбыр жиі түссе, енді бірінде жел соғып, ұзақ жолға шыққан жолаушылар мен жүргізушілерді жолда қалдыруда.

Мәселен патрульдік полицейлер Алматы – Ташкент – Термез тас жолының 647 шақырымында жауған қардың салдарынан дөңгелегі тайып кетіп, жолдың жиегіне шыққан Өзбекстан Республикасы азаматының жүк көлігін байқады. Патрульдік полицейлер бірден DAF көлігінің жүргізушісін сыртқа шығарып, жүк көлігін қайта жолға қою үшін көмекке кран мен КАМаз көліктерін алдыртты. Көліктің алдыңғы бөлігіне зақым келген.

Қосымша көліктер келемін дегенше полицейлер жүргізушіге ыстық шәй беріп, жылынуға көмек көрсетті. Жүргізуші ешқандай жарақат алмаған, тек көліктің алдыңғы бөлігіне материалдық шығын келген.

– Қазақстан полицейлеріне рақмет айтамын. Полицейлер мені байқап, келіп көмектесті, – деген лебізін білдірді Өзбекстан елінің тұрғыны Санжар Худайкулов.

Бұдан бөлек патрульдеу барысында жолда қалған жеңіл көлік тұрғынына көмек көрсетілді. Жолда көлігі қарға батып тұрған көлікті байқаған сақшылар басқа да жолаушылармен бірге көлікті итеріп, жол бойына шығарды. Өз кезегінде полицейлердің жәрдемін жедел алған көлік жүргізушілері риясыз алғыстарын жеткізді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру