Түркістанның полицейлері тұрғыннан 4,5 келі сораны тәркіледі
Түркістанның полицейлері тұрғыннан 4,5 келі сораны тәркіледі, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Шардара АПБ-ға жергілікті полиция қызметінің учаскелік инспекторларынан баянат келіп түскен. Онда жергілікті тұрғынның бірі өз үйіне есірткі затын егіп, өсіріп, жүргендігін көрсеткен. Түскен хабар бойынша жеделдетіп іске кіріскен полиция қызметкерлері, ауласына есірткі затына ұқсас өсімдікті өсірген жергілікті тұрғын азаматты ұстады.
Белгілі болғандай полицейлер күдіктінің ауласынан бірнеше түп есірткі затына ұқсас өсімдікті тамырымен бірге топырақтан шығарып, заттай дәлел ретінде алды. Сараптама нәтижесі бойынша алынған түптің салмағы 4,5 келі болатын «сора» болып шықты.
Аталған жайт сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне енгізіліп, ҚР ҚК-нің 300-бабы (Құрамында есірткі заттар бар, өсіруге тыйым салынған өсімдіктерді заңсыз егіп-өсіру) бойынша тергеу амалдары жүргізілуде.
Түркістан облысының тәртіп сақшылары тыйым салынған өсімдіктерді өсіру, заңсыз есірткі саудасымен айналысу, жалпы есірткіге қатысы бар жайттар заң алдында қатаң жазаға тартылатынын ескертеді. Сондықтан заңсыз әрекеттерге бармаңыздар!