Түркістанның полицейлеріне ерікті түрде сегіз тұрғын қаруларын тапсырды
Мәселен, Ордабасы аудандық полиция бөліміне сегіз тұрғын өздерінің аталарынан қалған тоғыз қаруды өткізді. Қазіргі уақытта мылтықтар сот-баллистикалық сараптамасына жіберілді. Нәтижесінде тұрғындарға ақшалай қаражат төлеу туралы шешім қабылданатын болады.
Айта кететін жайт, қару-жарақ заттарын өз еркімен тапсырғаны үшін мемлекет қарудың әрқайсысына тиісті төлемін жасайды. Ал сыйақы төлеу қару-жарақ заттарын тапсырған азаматтар ұсынған шоттарға аудару жолымен жүзеге асырылады. Тіркелмеген атыс қаруын, оқ-дәрілер мен жарылғыш заттарды өз еркімен тапсырған азаматтар қылмыстық және әкімшілік жауапкершіліктен босатылады.