Түрмедегі адамды ақшаға босатып беруге уәде берген жамбылдық тұрғын ұсталды
Түрмедегі адамды ақшаға босатып беруге уәде берген жамбылдық тұрғын ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Полиция бөліміне Шу қаласының тұрғыны өтініш білдірді. 57 жастағы әйел бір ер адамның ұлын түрмеден босатуға көмектесуге уәде бергенін айтты. Өз қызметі үшін ол 3 млн теңге көлемінде қаражат сұраған, алайда ақшаны алғаннан кейін әртүрлі сылтаулар айтып қашқақтап жүрген.
Осы дерекке қатысты ҚР ҚК-нің 190-бабы 1-бөлігі (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.
Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде Шу ауданының полиция қызметкерлері 32 жастағы жергілікті тұрғынды анықтап, ұстады.
Істің барлық егжей-тегжейлі мән-жайларын анықтау үшін қажетті жедел-тергеу шаралары жүргізіліп жатыр.
Аталған қылмысты жасағаны үшін ҚР ҚК-ге сәйкес мүлкі тәркіленіп, екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу, не сол мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделген.