Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылордалық полицейлер “Профилактика апталығы” аясында рейд жүргізді

Қызылордалық полицейлер “Профилактика апталығы” іс-шарасы аясында саяжай алқаптарында рейд жүргізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қызылорда қаласы полиция басқармасының қызметкерлері “Профилактика апталығы” іс-шарасы аясында қала маңындағы саяжай учаскелеріне (“ПМК-29”, “ПМК-66”, “Қосшыңырау”, “Талсуат”) рейдтік тексерулер жүргізді. Аталған іс-шараға 50 қызметкер және 10 автопатруль жұмылдырылды.

Іс-шараның басты мақсаты – қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету, отбасы – тұрмыстық қарым-қатынастар саласындағы қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын алу, тұрғылықты жері бойынша ІІО-да есепте тұратындарды тексеру.

Аталған саяжайларда полиция қызметкерлері құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша түрлі іс-шаралар өткізді. ІІО-да есепте тұратын тұлғалар тексеріліп, олармен құқық бұзушылықтың алдын алу бағытында профилактикалық әңгімелер жүргізілді.

Іс-шара аясында елді мекенге қарасты 465 мекенжай тексерілді. Жүргізілген тексеру барысында 17 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Оның ішінде: отбасы – тұрмыстық қатынастарды бұзу – 2, қоғамдық орында спирт ішімдігін ішу – 3, абаттандыру қағидаларын бұзу – 19, жеке басты куәландыратын құжаттарсыз тұру – 1 дерегі анықталып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасып жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру