Тыйым салынған материалдарды дайындаумен және таратумен айналысқан ер адамды ұсталды
Түркістан облысы Полиция департаменті полиция қызметкерлері 11 қылмысты анықтады, оның ішінде 8 авторлық және сабақтас құқықтарды бұзу жайты және 1 порнографиялық материалдарды тарату дерегі. Кентау қаласының полицейлері "Контрафакт" жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында қалалық базарлардың бірінде порнографиялық материалдарды дайындаумен және таратумен айналысқан ер адамды ұстады. Тәртіп сақшылары күдіктіден айғақты заттарын тәркілеп алды. Аталған жайт Қылмыстық кодекстің 311-бабы "Порнографиялық материалдарды немесе заттарды заңсыз тарату" бойынша тіркеліп, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.